Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында алғаш рет Көкшетауда «Таланттар алаңы-2021» шоуын ұйымдастырды.
«Таланттар алаңы-2021» бұл талантты, өршіл, креативті вокалистердің, бишілердің алаңы ғана емес, бұл студенттерге, мұғалімдерге, педагогтарға, үй шаруасындағы әйелдерге өздерін көрсетуге және өз армандарын орындауға мүмкіндік береді. Таланттар алаңы өзінің өміршеңдігін, қажеттілігі мен өзектілігін көрсетті.
Айта кетейік, тіркеудің бірінші кезеңінде 50 өтінім берілді, олардың 20-дан астамы іріктелді. Олар 100 мың теңге болатын бас жүлде үшін өзара сайысты. Гала-концертте жеңімпаздар марапатталды.