Көкшетауда “Дәстүр заман ағымында” атты ұлттық киім-кишек байқауы өтті

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында өткен байқаудың ұйымдастырушысы Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің әкімшілігі.

Іс-шара қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениетінің көрінісі болып табылатын Қазақ ұлттық киімін насихаттауға ықпал етеді. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Әр қатысушы өзінің жасаған ұлттық киімдеріне ат қойып, ұлттық нақыштағы әшекейлерді ұсынды. Дәстүрлі ұлттық костюм бүгінде танымалдылығын жоғалтқан жоқ, жарқын түстермен, тартымды декормен және лаконикалық кесумен назар аудартты.

“Байқауға қатысушылар танымал көшпенділердің мақтанышына айналған және дала мәдениетінің байлығын көрсететін ұлттық киімге жаңаша көзқараспен қарауға мәжбүрлейтін өзінің ұлттық костюмі туралы айтып берді. Барлық қатысушылар өз біліктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті”, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Сайыстың қорытындысы бойынша:
ГРАН-ПРИ иегері 9 сынып оқушысы Сагит Жансұлу ,
1 орынды 9 сынып оқушысы Апеисова Меруерт;
2 орынды 8 сынып оқушысы Мұхамедрахим Камила;
3 орынды 10 сынып оқушысы Дузбаева Амина жеңіп.

Барлық қатысушылар əртүрлі номинацияларға ие болып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды .Байқау «Қадір таңы» спектаклінің көрсетілімімен аяқталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар