Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы кімдерге арналғанын нақтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде ревакцинация аясында Pfizer вакцинасының қосымша дозаларын жеткізу туралы сұралды. «Бастапқы кезеңде басымдықты санаттар айқындалады. Осы орайда 12 жастан асқан балалар, жүкті әйелдер қамтылмақ. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған басқа вакциналар бойынша ересек адамдар екпе салдыра алады. Қазіргі кезеңде біз алдымен аталған санаттарға (Pfizer) екпе қоямыз», — деді А

«Ел бойынша тоңазытқыштар жеткізілді. Яғни тоңазытқыш желісі дұрыс қойылып, орнатылады. Минус 80 температуралық режим Қазақстан бойынша қосылады», — деді министр.

Еске сала кетейік, Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін Қазақстанға 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойылды.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/pfizer-ekpesi-revakcinaciya-kezinde-kolzhetimdi-bola-ma_a3849683

185 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар