Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлік барда, тірлік бар - АРҚА АЖАРЫ

Бірлік барда, тірлік бар

«Қоғамдық келісім» мекемесінде Рухани келісім күніне орай, 1992 жылы Алматыда өткен Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің бірінші сессиясынан бастау алған осы мерекені ұлықтаған салтанатты шара болып өтті.

Онда сөз алған Ақмола облыстық дін істері басқармасының басшысы Алмаз Мұқажанов:
–Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге әлемдік діндердің диалог алаңы ретінде танымал. 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері отыз жыл бойы елімізде қазіргі заманғы тәуелсіз мемлекетті бірге құруға атсалысуда. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігінің арқасында оның әрбір азаматының кез-келген дінді ұстануға және ұлттық дәстүрлерді сақтауға мүмкіндіктері бар, – деді.

–Рухани келісім күні татулықты насихаттау, түрлі ұлттық және әлеуметтік топтағы адамдар арасында өзара түсіністік орнату, саяси және діни сенімдерді, әркімнің өз жақындарына деген мейірімділік пен көмек қолын созу ұғымдарын біріктіреді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілуде. Тәуелсіздік жылдарында біз саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтап келеміз. Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастарының моделі діни адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қоғамдық және діни мүдделердің теңгеріміне, әріптестік қатынастарына және өзара түсіністікке ұмтылуға негізделгенін уақыт көрсетіп отыр, – деді өз сөзінде Көкшетаудағы Науан хазірет мешітінің бас имамы Сәбит Қуаныш.

Кездесуге қатысушыларды Ақмола облысындағы православие христиандары атынан құттықтаған Қазақстан православие шіркеуінің Көкшетау және Ақмола епархиясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, діни қызметкер Валерий Анферов:

–30 жылдан бері біз егеменді мемлекетте өмір сүріп келеміз. Біз өміріміздің әр күнінде осы берекелі мемлекеттің азаматы ретінде тыныштықта өмір сүретінімізді және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға мүмкіндігіміз бар екенін мақтан тұтуымыз керек, – деп атап көрсетті.
Кездесуде «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғыманов азаматтар арасындағы бірлік пен өзара түсіністікке негіз болған қазақ халқының сан алуан рухани мәдениетіне тоқталды.
Салтанатты шара соңы мерекелік ән шашуға ұласты.

Салтанат БАКИРОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар