Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үйірме аты – «Жас тілші» - АРҚА АЖАРЫ

Үйірме аты – «Жас тілші»

Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында жаңа оқу жылынан бастап, «Жас тілші», «Медиа алаң» үйірмелері жұмыс істеуде. Мұнда болашақ тілшілер осы салаға алғашқы қадамдарын жасап, газет-журналға мақала жазып, сұхбат алудың әдіс-тәсілдерін үйренуде. Сондай-ақ, телеарнаға хабар түсіру, тікелей эфир жүргізуді де қолға алуда. Үйірме тәрбиеленушілері үшін алдағы уақытта өңірімізге, елімізге танымал журналистермен кездесу кешін ұйымдастыру жағы да жоспарда бар. Біз осыған орай, төменде аталмыш үйірмеге қатысып жүрген жас талапкерлердің тырнақалды туындыларын газет бетінде жариялап, сәт сапар тілегенді жөн көрдік.

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Туған елге еңбек етіп аянбай,
Кірпіші боп қалансам деп бекіндім!

Арман үшін қолдан бермей намысты,
Бабаларым жауменен де алысты.
Қазағымды әлем халқы таныды,
Қазақ халқы бағындырды ғарышты!

Талай сынға түссең дағы қазағым,
Артта қалсын барлық күйік, азабың.
Жүрегімнен өзіңе арнап туған жер,
Әлі талай балауса жыр жазамын.

Ернұр АЛДАНЫШ,
8 «а» сынып оқушысы.

Біз бақытты баламыз

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде осы үлкен оқиғаға біз халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына дербес республика болуын қалаған, әрі ең бірінші болып мойындаған қай ел десек, ол ең алдымен, Түркия елі.

Біз тәуелсіз елдің ұл-қыздары, егемен елімізді қорғап, білім алып, сан түрлі өнерді үйреніп, елдің әрі қарай дамуына бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, тәуелсіз еліміздің арайлап атқан таңымен бірге ер жетіп есейіп келеміз.

Қазақ елін әлемге әйгілі етудің басты шарты – білім мен ғылым. Осы тұрғыда әр жас азамат сапалы білім алуға талпынса ғана алар асуларымыз биік болары хақ.  Жас ұрпақ қазіргі жаһандану кезеңінде әлемдегі озық технологияларды қолданып, игеруі қажет. Сонда қазақ деген халықтың да мәртебесі артып, мерейі үстем болады.

Ділназ ҚОРҚЫТБАЕВА,
7 сынып оқушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар