14 эссе үздік деп танылды

«Болашақ» сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облыстық әділет департаменті, ішкі саясат, білім, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармалары және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қолдауымен «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдеп-ғұрыптары» атты облыстық эссе байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті.

Байқау отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптеу және насихаттау, қазақ халқының рухани және мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Байқауға облыс бойынша 350-ден астам оқушы қатысып, білім деңгейін айқындады. Олар өз ойларын көркем тілмен жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан отбасылық салт-дәстүрлермен байланыстыра білді. Сондай-ақ, ата-анаға деген махаббат пен құрмет, отбасы мүшелеріне мейірімділік пен сыйластық таныту.

Нәтижесінде Көкшетау, Степногорск қалалары, Біржан сал, Бұланды, Атбасар, Қорғалжын, Ақкөл аудандары мектеп оқушыларының жұмыстары қазылар алқасы тарапынан оң бағасын алып, 14 эссе үздік деп танылды.

Сонымен, Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Аяулым Сәдуақасова мен Степногорск қалалық Қаныш Сәтбаев атындағы №9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мәдина Шахмановалар облыстық байқаудың Гран-при иегерлері атанса, жүлделі бірінші орынды Атбасар ауданының №8 орта мектебінің оқушысы Альбина Азатова, Көкшетау қалалық №2 мектеп лицейінің оқушысы Гаухар Жакимова, Ақкөл ауданының М.Горький атындағы орта мектебінің оқушысы Жанаргүл Серік, Атбасар ауданының №8 орта мектебінің оқушысы Мәдина Есенбек иеленді. Сондай-ақ, жүлделі екінші орын Көкшетау қалалық №13 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Дильназ Баймұқанова, №1 Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушісі Ирина Тронто, №1 Көкшетау қалалық мектеп-гимназиясының оқушысы Анель Назымбекова, Көкшетау қалалық №6 орта мектебінің оқушысы Дильназ Сағымбаеваларға берілді.

Ал, үшінші орынға Қорғалжын ауданы, Шалқар ауылдық жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Сайлаубек Фатима, Көкшетау қалалық №1 орта мектебінің оқушысы Томирис Молдашева, сонымен қатар, ол жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионы, Біржан сал ауданы, Макинка орта мектебінің оқушысы Рабия Жасанова, Көкшетау қаласындағы әл-Фараби атындағы ІТ мектеп лицейінің оқушысы Әлия Ысқақовалар табан тіреді.
Барлық жеңімпаздарға ұйымдастыру комитетінің естелік сыйлықтары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретте: Гран-при иегері Аяулым Сәдуақасова.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар