Зағип және нашар көретін азаматтардың Көкшетау қалалық арнаулы кітапханасы Қарттар күніне орай «Қарты бар ел – қазыналы ел» кездесуін өткізді. Кітапханаға қарт оқырмандар көп жиналды.
Іс-шара барысында Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры К.Кравченко, сонымен қатар қазақ зағиптар қоғамының клубында көп жылдар бойы еңбек еткен Н.Пудинова құттықтау сөз сөйледі.
Оқырмандармен қызықты викториналар, ойындар өткізілді.«Гармония» эстетикалық-көркем клубының мүшелері Ділдәш Әменова, Михаил және Светлана Оладьколар, Ульяна Королькова, Андрей Михель, Дарья Мантыцкая музыкалық ән шашуларын ұсынды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті көп салалы колледжінің студенті Әмина Қайратова өлең оқып, басқа да қатысушылар өз өнерлерін көрсеткен кездесу кеші әсерлі әрі мазмұнды өтіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл мен қуаныш сыйлады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.