Ақмола облысында шектеу шаралары сақталуда

Өңірде санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған барлық шаралар кешені жүргізілуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде пандемия басталғалы бері стационарларды қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектердің 85 түрі жөнелтілген.

Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен стационарлық деңгейде КВИді емдеуге арналған препараттардың жеке резерві құрылған. Ең қажетті бактерияға қарсы препараттар, антикоагулянттар және басқа вирусқа қарсы препараттар сатып алынды. Емханалар арқылы халықты ыстық түсіретін және антикоагулянттардың бес атауы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүргізілуде.

Тұрақтандыру қорында қосымша 500 млн. теңге қарастырылған.

Өңірде КВИ-ге қарсы халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Шамамен 294 мың адамға вакцина егілді. Халықты неғұрлым кеңінен қамту үшін егу пункттерінің саны 5 есеге, 27-ден 130-ға дейін ұлғайтылды.

Жалпы, 260 егу пункттері мен мобильді бригадалар жұмылдырылды. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

Өңірде әлі де шектеу шаралары сақталуда.

228 мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Соңғы аптада 84 тексеру жүргізіліп, мониторинг кезінде 1010 нысан қамтылды. Карантин шараларын бұзудың 30 фактісі анықталып, 25 әкімшілік айыппұл салынды.

«Ashyq» жобасын енгізу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жоба қатысушыларына 4813 QR-код берілді, 81 объектіге «Ashyq» жобасының көшбасшылары» мәртебесі берілді.

Айта кетейік, 20 инфекциялық стационар базасында бір мың инфекциялық төсек орны ашылған. Онда 571 адам ем алуда, 57% төсек-орын жұмыс істейді

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар