Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызмет ақысын негізсіз өсіріп, кіріс алып келген - АРҚА АЖАРЫ

Қызмет ақысын негізсіз өсіріп, кіріс алып келген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Целиноград Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тексеріс жүргізді. 2020 жылға тарифтік сметаның және 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша субъектінің Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының
15) тармақшасының талаптарын сақтамағанын анықтады.

Осылайша «Целиноград Су Арнасы» МКК-ы 197 929 200 теңге көлемінде негізсіз кіріс алғаны белгілі болды.
Осыған байланысты департамент тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған кірісті қайтару бөлігі бойынша қабылдады.

Сөйтіп, 2021 жылғы 1 қарашадан бастап «Целиноград Су Арнасы» МКК-ның сумен жабдықтау қызметіне уақытша өтемдік тариф енгізді.
Осыған орай, Целиноград ауданының тұрғындары Ақмол, Өтеміс, Новоишимка, Оразақ, Шалқар, Бірлік, Мәншүк, Отаутүскен, Софиевка, Қызылжар, Ыбырай Алтынсарин, Антоновка, Рахымжан Қошқарбаев, Максимовка, Қабанбай батыр, Қараөткел, Қоянды сияқты 18 елді мекен, соның ішінде Қосшы қаласы бойынша 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап сумен жабдықтау қызметі үшін 14,85 пайызға төмендетілген тарифпен ақы төлейтін болады.

2021 жылға сумен жабдықтауға орташа өткізу тарифын қолданыстағы тарифтен 25,35 теңгеге төмендете отырып есептегенде, қазіргі тариф бір текше метрге 145,33 теңгені (ҚҚС-сыз) құрады. Бұрын ол 170,68 теңге болып келген. 2021 жылға халық үшін тариф бұрынғы қолданыстағы 176,7 теңге тарифтен (ҚҚС-сыз) 25,61 теңгеге немесе 15,36 пайызға арзандатылды. Бұрын ол 166,75 теңге еді.

Төмендетілген тариф 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және тұтынушыларға негізсіз алынған кіріс қайтарылғанға дейін қолданылады.
Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған мұндай жүйелі жұмыстарды алда жүргізе бермекші.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар