Бүгін Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдармен, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерімен, облыстық, қалалық және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияларымен, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен аумақтық бөлімшелердің қатысуымен “Зымыран-2021” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды.
Тактикалық оқу-жаттығулар “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардың аварияларына байланысты ТЖ туындаған кезде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы тақырыбындағы міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін айқындауға бағытталған.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында оқу кіріспе жұмыстарын пысықтау мақсатында құрамына 14 азаматтық қорғау қызметі кіретін 139 құралым жедел штабтар жоғары дайындыққа келтірілді.
Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, екі күн қатарынан нақты уақыт режимінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады.