Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, оған өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында әзірленген 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі ережелерін талқылау болды.

Комиссия отырысында сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік ведомствоның басшысы Арман Рахимов стратегиялық құжаттың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды тұжырымдаманы әзірлеуге өз үлесін қосуға шақырды.

«Халықаралық озық тәжірибені, қоғам мен бизнес өкілдерінің, сарапшылардың пікірлерін, азаматтардың ұсыныстарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындыларын ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған Тұжырымдаманың жобасы әзірленді. Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі маңызды жетістіктер және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдірудің одан әрі бағдарлары ұсынылған. Сонымен қатар, бүгін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылда азаматтық белсенділік танытуға дайын әрбір адамның пікірін тыңдау және ескеру үшін жиналып отырмыз», — деді Арман Рахимов.

Отырысқа қатысушыларға 7 бөлімнен тұратын Тұжырымдама жобасының мазмұны таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамытудың пайымы құжаттың бесінші бөлімінде баяндалған, онда парасатты қоғамды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептерін барынша азайту, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға азаматтық қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі мәселелері, сондай-ақ Антикор қызметін жетілдіру мәселелері көрсетілген.

Айта кетейік, облыстың әрбір тұрғыны adal.com.kz арнайы құрылған сайты арқылы тұжырымдама жобасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.
«Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенова Парасаттылықты қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың жүргізіп жатқан қызметі туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылығына Мемлекет басшысы қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларын күшейту жөніндегі міндеттерді іске асыру шеңберіндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар