Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АИТВ-ға шалдығу көрсеткіші төмендеді - АРҚА АЖАРЫ

АИТВ-ға шалдығу көрсеткіші төмендеді

Ақмола облысында АИТВ инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты жағдайға төмендегені байқалады.

Мәселен, қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша АИТВ инфекциясы диагнозы қойылған 83 адам анықталды. Ал, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 11,4-і (2020 жылдың 9 айында 12,1-ді) құрады. Бұл ретте жаңадан анықталған АИТВ жағдайларының жартысынан көбі (60,7 пайызы) Көкшетау, Степногорск қалаларында және Атбасар, Бурабай аудандарында тіркелді.

15-49 жас санаттары арасында АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,21-ді құрады, болжам бойынша 0,25 еді. АИТВ оң мәртебесі бар адамдардың ең көп саны 30-дан 45 жасқа дейінгілерге келеді және бұл жаңа жағдайлардың 61 пайызын құрады.
Қыркүйек айының соңында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың саны 836 адамға артып, 100 мың адамға таралу көрсеткіші 113,6-ны құрады. АИТВ-тың таралуының жоғары деңгейі Жарқайың, Атбасар, Ақкөл және Ерейментау аудандарында, Көкшетау мен Степногорск қалаларында байқалады.
Биылғы жылы облыста инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар арасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда психобелсенді заттарды инъекциялық қолдану кезінде АИТВ-ның парентеральді жолмен берілу жағдайларының саны бір жарым есе азайды. Берілу жолдары бойынша 64 пайызы жұқтырудың жыныстық гетеросексуалдық жолына келеді.

АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алудың негізгі шараларының бірі жүкті әйелдерді уақтылы есепке алу және АИТВ-инфекциясына зерттеп-қарау болып табылады. Жыл басынан бері төрт жүкті әйелде АИТВ анықталды. Бірақ, жүкті әйелдердің антиретровирустық терапияны ерте бастауының арқасында, ағымдағы кезеңде балалар арасында АИТВ- инфекциясын тіркеу жағдайлары болған жоқ.

Біздің орталықта АИТВ-ға тексеру тегін жүргізіледі. Жыл басынан бері облыс халқының 12 пайызы (99 461 адам) тексерілді.
Біздің басты мақсатымыз өзінің АИТВ мәртебесін білетін адамдардың санын арттыру және АИТВ инфекциясының кеш анықталуын қысқарту. Ал, басты міндетіміз – халықтың дені сау және өз денсаулығына сенімді болуы.

Гүлмира Сиражиденова,
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар