Соңғы аптаның ішінде Мәскеу қаласында ауыр халде болған 10 мыңға жуық пациент ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өкінішке қарай, Мәскеудегі жағдай күрделі болып қалып отыр. Соңғы аптаның ішінде ауыр халде болған 10 мыңға жуық адам ауруханаға жатқызылды. Ауруға шалдығу қарқыны біршама бәсеңдегенімен, жағдай әлі де күрделі», – деп атап өтті С.Собянин «МыВместе» қалалық еріктілер акциясының штабына бару барысында. Ресейде жұмыс істемейтін күндер режимінің енгізілуіне байланысты тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы мен егде жастағы қала тұрғындарына көмек көрсетудің жалпыресейлік акциясы басталды. «Үш миллионға жуық егде жастағы азаматымыз оқшаулауда отыр.
Оларға әрі әлеуметтік, әрі психологиялық көмек қажет екені белгілі. Мемлекеттік қызмет орындарынан бөлек, бұл бағытта қоғамдық ұйымдар мен бұл жағдайға немқұрайлы қарамайтын барлық адамдар да жұмыс істегені өте маңызды», – деді Мәскеу мэрі. Коронавируспен күрес жүргізу бойынша жедел штаб мәліметінше, соңғы тәулікте Ресейде коронавирусқа шалдығудың 40 402 оқиғасы тіркелді. Қауіпті вирустан 1 155 адам қайтыс болып, 23 187 пациент жазылып шыққан.
Нарымбек Ысмағұлов
https://www.coronavirus2020.kz/kz/koronavirus-maskeudegi-zhagday-ali-de-kurdeli_a3856432