Әлемде коронавирус вакцинасының 7 млрд астам дозасы салынды

Әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакциналанғандар саны 7 миллиардтан асты. Олардың жартысынан көбі үш елде: Қытайда (2,3 млрд), Үндістанда (1,1 млрд) және АҚШ-та (0,4 млрд) салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта адамдарға COVID-19-ға қарсы вакциналардың 7,001 млрд дозасы салынған. Бүтін ғаламарда вакцинацияның толық курсынан қанша адам өткенін анықтау әлі де мүмкін емес. Өйткені көптеген ел тек ковид вакциналарының сертификатталған дозаларының саны мен жасалған екпелердің саны туралы ғана хабарлайды. БАӘ мен Мальтада тұрғындардың 90% астамы екпе салдырған.

Португалия, Куба, Чили, Исландия, Камбоджа, Катар, Испания, Сингапур, Бруней және Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде халықтың 80% астамы кемінде бір компонентпен егілген. Ресейде, коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметтері бойынша, 50,9 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен, ал алғашқы компонентпен 56,8 миллион адам егілген.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/alemde-koronavirus-vakcinasynyn-7-mlrd-astam-dozasy-salyndy_a3856215

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар