Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында мемлекеттік орган ұжымының қатысуымен лауазымды тұлғаға үкім жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында мемлекеттік орган ұжымының қатысуымен лауазымды тұлғаға үкім жарияланды

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Көкшетау қалалық сотының сот отырысы онлайн-көрсетілімі өткізілді, онда өңірдің Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету және қайта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу мақсатында сотталушының әріптестері онлайн режимінде сот процесін бақылады.

Отырыс соңында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының алдын алу басқармасының басшысы Жанайдар Рамазанов мемлекеттік органның еңбек ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы маңызды өзгерістерді және сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесін түсіндіріп, қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен этикалық нормаларды сақтауға шақырды.

Өз кезегінде облыстық Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасының басшылығы қызметкерлер арасында тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізуге және мекемедегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша қажетті шаралар қабылдауға уәде берді.

Кездесу қатысушылары пікір алмасып пен ұсыныстар айтып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру аясында осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар