Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз қаласында 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті. Шаршы алаңға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан республикаларынан былғары қолға шеберлері шығып, жұдырықтасы.
Ұлттық құраманың сапында болған Ақмола облысының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, қоржынға екі медаль салды. Оның ішінде 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бауыржан Мұратов чемпион атанса, 40 келі салмақта Әлихан Жетпісов күміс жүлдеге қол жеткізді. Жас спортшылар бапкерлері Рамазан Серікпаев, Руслан Әбілов және Константин Рыбинскийдің жетекшілігімен жаттығады.