Қатаркөл ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс елді мекендерін өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес жыл басынан бері Атбасар ауданының Шуйское, Ақкөл ауданының Азат ауылдарында және Біржан сал ауданының Мамай ауылында бір жоспардан тыс бір бекет ашылған. Енді міне, Бурабай ауданының Қатаркөл ауылында өрт сөндіру бекеті ашылып отыр. Жалпы, 2025 жылға дейін алты өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған.

Қазіргі заманғы талаптарға сай салынған өрт сөндіру бекеті жылытылатын гараж және телефон байланысымен жабдықталған. Сонымен бірге, бекетте ауылдың төрт тұрғыны жұмысқа орналасып, оқу-жаттығуынан өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар