Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндіктер пайдаланылса, нәтижесі де көріне түседі - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндіктер пайдаланылса, нәтижесі де көріне түседі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов өңірде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жөнінде айтып берді.

Ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi мiндеттерi Елбасының «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: iс-қимыл уақыты», «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауы мен «Nur Otan» партиясының «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасынан туындайды. Аудан әкімі 6 ауылдық округте сайлау өткізілгенін, сайланған 6 әкімнің 5-уі жаңадан тағайындалғанын айтты.

–Жалпы, Біржан сал ауданында 9 ауылдық округ, 5 ауыл және Степняк қаласы орналасқан. Ауданның өнеркәсібін «Семізбай-U», «Өркен-Атансор», «Көкше-Цемент» тәрізді ірі кәсіпорындар құрайды. 1220 азамат жұмыспен қамтылды. Өндірілген өнім көлемі 26,4 миллиард теңгені, экономикаға тартылған инвестицияның көлемі 5,7 миллиард теңгені құрайды. Оның 600 миллион теңгесі бюджеттен тартылды.

Ауданда инвестициялық капиталды дамыту мақсатында жалпы 7,5 миллиард теңгенің жобалар пулы жасақталды. Бұл жобалар 2024 жылға дейін жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 24 миллиард теңгені құрады. Гектар берекесі 7,0 центнерден айналып, 98 мың тонна астық бастырылды. Аудан тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз ету жұмысы қолға алынды. Осы орайда, 15 мың гектар жер мемлекет қорына қайтарылды. Ауданда 3395 адам жұмыспен қамтылып отыр. 907 шағын кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін атқаруда,– дей келе, аудан басшысы биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 5 шағын кәсіпкерлік субъектісі 40 миллион теңгенің несиесін алғанын айтты.

Бұл өңірде биылғы жылдан бастап жаңа туристік нысандар «Орбита-Жөкей», «Орман мен жұлдыз» глэмпингтері, сондай-ақ «Ақжол» қонақ үйі кешені жұмыс істеуде. Туризм саласында әжептәуір алға жылжушылық бар. Жөкей көлінің жағасындағы демалыс аймағының құрылысын «JAIYQ-SERVIS» серіктестігі, Құдықағаш ауылында этноауыл құрылысын «Нұралин» жеке кәсіпорыны жүргізуде, сондай-ақ, Бұланды ауылында орналасқан демалыс аймағын жеке кәсіпкер Көшкінбаев салуда.

–Құрылыс саласында жалпы ауданы 2000 шаршы метр 29 тұрғын үй, оның ішінде 21 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Степняк қаласында және оның маңында 400 миллион теңгенің қалаішілік автокөлік және жаяу жүргінші жолдары жөнделді. Бұланды ауылдық орта мектебінің құрылысы басталды. Спорт саласы да ерекше назарда. Жаңа «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер клубы құрылды. Степняк қаласындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтті. Аудан орталығы мен Макинка, Еңбекшілдер, Аңдықожа батыр ауылдарына қазіргі заманғы спорт алаңдары салынды. Бұл жұмыстарға 450 миллион теңге қаржы жұмсалды. Көшелерге 10 бейнебақылау камерасы, аудандық полиция бөлімін байланыстыратын 13 камера орнатылды. Білім беретін мекемелердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Осы орайда, 4 миллион теңге қаржыға аудан орталығының мектептеріне және Макинка ауылының орта мектебіне дабыл қаққыштар мен турникеттер орнатылды,–деп сөзін қорытындылаған аудан әкімі журналистер сауалына тұшымды жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар