Қауіпті індеттен әлі де сақтануымыз керек

Облыстағы коронавирустық инфекцияға байланысты жағдай әлі де алаңдатарлықтай. Өңірімізде соңғы тәулікте қауіпті індеттен 109 жағдай тіркелсе, оның 107-сі симптомды болса, екеуі індет жұқтырғандармен байланыста болғандар.

Қазіргі таңда 143 науқас сауығып үйлеріне қайтарылса, 59 науқас амбулаторлық ем қабылдауда. Ал, үшеуі үй жағдайында оқшауланған. Өлім-жітім жағдайы тіркелген жоқ. Облыста тәуліктік қуаттылығы бар 10 зертхана жұмыс істейді. Қауіпті індет бойынша жұмыс жасап жатқан дәрігерлердің тапшылығы байқалмайды.
Бұл бағытқа 459 медицина қызметкерлері тартылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар