Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады

Көкшетау қаласында Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Айдос Жақиялин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол соңғы бірнеше жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы маңызды өзгерістерді, ҚР ӘҚБтК-не сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулерді, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарды көтермелеу жүйесін түсіндірді.

Сонымен қатар, спикер отырысқа қатысушыларға Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында әзірленген 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі ережелерін таныстырды.

Облыстық Антикор басшысының бірінші орынбасары атап өткендей, стратегиялық құжаттың жобасын дайындау үшін халықаралық озық тәжірибе, сарапшылардың, жұртшылықтың, бизнес пен азаматтардың пікірлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаулардың қорытындылары ескерілді. Сонымен қатар, әрбір азамат жобаны одан әрі жетілдіру үшін adal.com.kz арнайы сайт арқылы өз бастамаларын енгізе алады.

Іс-шара барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тұжырымдама жобасын талқылап, пікір және ұсыныстармен алмасты, сондай-ақ өңірдің қоғамдық маңызды мәселелері бойынша алдағы жұмыс жоспарларын анықтады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар