Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың 2021 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Кенеш Ғалыбекұлы Әлімжанов облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Кенеш Ғалибекұлы 1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Зұлқайнар Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік – техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
2003-2010 жылдары Ы.Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысы, содан кейін Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бөлім бастығы, 2015-2019 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымында болды.
Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов таныстырды.