Алматылық дәрігер ревакцинацияға қатысты негізгі сұрақтарға жауап берді

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова ревакцинацияға қатысты негізгі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Мегаполисте ревакцинация қашан басталады? – Алматыда коронавирусқа қарсы жаппай ревакцинация қараша айының соңында басталады. Ең алдымен созылмалы аурулары бар, иммунитеті төмен және жасы 65 жастан асқан қарт кісілерге үшінші дозаны алу қажет. Сондай-ақ, ревакцинация медицина мамандары, педагог, жабық мекеме қызметкерлеріне жасалады. Үшінші дозаны вакцинация курсынан толық өткеннен кейін 6-9 ай аралығында салынады. Ревакцинация үшін екпенің тек бір дозасы қолданылады.

– Ревакцинация не үшін жасалады?

– Ревакцинация дегеніміз – адамдардың екпенің бірінші және екінші бөлігінен кейін алатын дозасы. Яғни, сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші – күшейткіш дозасы салынады. Бұны ревакцинация деп атаймыз. Адам ағзасында ай сайын антидене мөлшері азаяды. Әрі коронавирустың мутацияланған штамдары да қауіп төндіруде. Сондықтан екпенің екі компонентін алғандарға ревакцинация жасауға кеңес беремін. COVID-19 оңай өзгеріп, мутацияланады бұл өте қауіпті. Осыны естен шығармау керек.

– Ревакцинацияның пайдасы бар ма? – Өз тәжірбиемнен айтсам, бізге екпе салынды, медицина қызметкерлері арасында аурушаңдық деңгейі өте төмен. Яғни, вакцинаның ағзаны қорғайтынын көріп отырмыз. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, біз басқа елдерде аурушаңдықтың артқанын, штаммның үнемі мутацияға ұшырағанын көріп отырмыз. Сондықтан маман ретінде ревакцинация қажет деп есептеймін. Әсіресе, алдыңғы шепте жүрген мамандар мен созылмалы дертке шалдыққандар үшін.

– Ревакцинацияның жанама әсерлері бар ма?

– Ревакцинация жүргізіліп жатқан елдерде инъекция салған дене бөлігі қызарып, ісініп ауруы, аздап дене қызуының көтерілуі байқалады. Мұндай реакциялар нұсқаулықта жазылған. Бұл қалыпты жағдай. Халықты қаншалықты тезірек вакцинациялаймыз, соғұрлым аурудың төмендеуі мен тұрақтануына қол жеткіземіз.

– Ревакцинацияға қарсы көрсеткіштер қандай? – Ревакцинацияға қарсы көрсеткіштер алғашқы вакцинация кезіндегі сияқты, ықтимал жағымсыз реакциялар. Ревакцинациядан бұрын дәрігерлер міндетті түрде тексереді, сіздің ағзаңыздың бұл дозаны

қабылдауға қаншалықты дайын екенін қарайды. Егер қарсы көрсетілімдері болмаса, егу шаралары жүргізіледі.

– Ревакцинация қай жерде жүргізіледі?

– Халықты қайта вакциналау алгоритмі бар. Вакциналану ерікті түрде жүреді. Екпені қалада жұмыс істейтін 137 егу пунктінің кез келгенінен алуға болады. Азаматтарға коронавирустың үшінші вакцинациясын вакцинацияның бірінші курсы толық аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін жасау ұсынылады. Антидене деңгейін алдын ала анықтау қажет емес. Ревакцинация кезінде «Спутник V», «QazVac», «Vero Cell» вакциналарының қолданыстағы түрлері салынады, қазіргі уақытта бұл екпелер қалада жеткілікті.

– Рахмет. https://www.coronavirus2020.kz/kz/almatylyk-dariger-revakcinaciyaga-katysty-negizgi-suraktarga-zhauap-berdi_a3859357

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар