Дәрігер: Антиденелерге тест тапсырудың қажеті жоқ

Коронавирусқа қарсы ревакцинацияның алдында антиденеге тест тапсырудың қажет жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ревакцинацияның мерзімі келгенде антидене талдауынсыз-ақ, қайта екпе алуға болады. «Егер адамдар талдау жасатқысы келсе, оған еш қарсылық жоқ. Бірақ бұл вакцинациядан бас тартуға себеп бола алмайды. Сондықтан бұл жерде антиденелердің деңгейі маңызды емес.

Вакцинаның екі компонентін алып, уақыт өте келе антидене жоқ екенін көрген азаматтарға қайта вакцина алуды ұсынамыз», – деді спикер. Бұған дейін ол мамандар ревакцинация кезінде алдыңғы екі дозаға ұқсас вакцинаны салдыруға кеңес беретінін айтқан еді.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/dariger-antidenelerge-test-tapsyrudyn-kazheti-zhok_a3859228

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар