Соңғы тәулікте 70 адамнан қауіпті індет анықталды

Жалпы, облысымызда ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, 300462 адам бірінші, 276205 адам екінші компонент бойынша вакцинация алған.

Бірінші компонентпен екпе алғандардың 110400-і қала болса, 190062-сі ауылдық, ал, екінші компонент бойынша вакцинацияланған адамдардың 102677-сі қалалық, 173528-і ауыл тұрғындары.
Өңіріміздегі коронавирустық инфекция бойынша жағдайдың мониторингіне көз жүгіртсек, соңғы тәулікте 70 адамнан қауіпті індет анықталған. Бүгінгі күні 38 адам амбулаторлық ем қабылдауда. 4-еуі үй жағдайында оқшаулануда. Жалпы, үй карантинінде, оның ішінде науқастармен байланыста болған және басқа елдерден келген 252 жағдай тіркелген. Олардың 220-сы ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі таңда облыста тәуліктік қуаттылығы бар 10 зертхана жұмыс істейді. Олар Ұлттық сараптама орталығының филиалы – 1600, «Олимп» КДС – 750, «Инвиво» ЖШС – 150, облыстық фтизио-
пульмонология орталығы – 100, «Геном» ЖШС–50, «LABCELL» ЖШС–100, «Alatau clinic» ЖШС–70, «OXYMED» ЖШС–100, Атбасар РВЛ–100, Ақкөл РВЛ–100. Бұл зертханаларда тәулігіне екі мыңнан астам ПТР талдау жүргізіледі.
Облыста 133 екпе орталығы мен 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Вакцинация жасауға 564 медицина қызметкері тартылған. Оның 200-і дәрігер болса, 391-і медбике. Сонымен қатар, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында егу жұмыстарына арналған 11 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған. Оған қоса, 13,5 миллион теңгеге авторефрижератор сатып алынған.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар