Ақмолалық оқушылар шешендік өнер байқауында бақ сынасты

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 11-де III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
Онлайн түрде өткен шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.

Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл Егіндікөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 15 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарды қанжығасына байлады:
Шүкір Даяна – Егіндікөл ауданы Көркем ауылының негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы – І орын;
Ибрагимов Бауыржан – Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы – ІІ орын;
Төлеу Бекболат – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей–интернатының 8 сынып оқушысы – ІІІ орын;
І орын иегері Шүкір Даяна 25-26 қарашада Алматы қаласында өтетін III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына жолдама алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар