Қарашаның 1-12 аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) байқауы өтті.
Байқау оқу-тәрбие үрдісінде заманауи инновациялық білім беру технологияларын қолданатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Степногорск қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Лихачева жеңіп алса, 2-орынға Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Қазына Шаяхметова, 3-орынға Зеренді ауылындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекзат Хамзина лайық деп танылды.
«Үздік бейне сабақ» аталымын Қима ауылындағы Қабдеш Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ольга Забавко жеңіп алды.
«Үздік портфолио» аталымы бойынша Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Киселева үздік атанды.
«Үздік эссе» аталымын Тасты-талды ауылының жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шыңғыс Әнуаров еншіледі.
Сонымен қатар, 20 педагог байқауға қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.