Алматыда тау бөктерінде 40 см қар түсті

Алматыда жауған жауынның арты қарға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше түнгі 01.00-де басталған жауын-шашынның артынан 9.00-де таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 40 см, ал қалаға 5-8 см қар түсті. Қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа бастасымен көктайғаққа қарсы материал себіліп, қарды тазалау басталды. Тротуар, жаяу жүргінші алаңдары, қоғамдық көлік аялдамалары, қалтарыстағы жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды тазалауға көңіл бөлінді.
Оған түнде 498 техника жұмылдырылды, оның 178-і құм шашатын техника. Сонымен қатар 280 жұмысшысы жол тазалауға шықты. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша қалада 920 тонна тайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Бүгін таңертең 545 техника, оның ішінде 197 құм шашқыш пен 1 494 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қазгидрометтің болжамы бойынша жауын-шашын бүгін түстен кейін тоқтайды.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар