Жалпы, облысымызда ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, 302175 адам бірінші, 278401 адам екінші компонент бойынша вакцинация алған.
Бірінші компонентпен екпе алғандардың 111030-ы қала болса, 190979-ы ауылдық, ал, екінші компонент бойынша вакцинацияланған адамдардың 278401-сі қалалық, 174929-ы ауыл тұрғындары.
Өңіріміздегі коронавирустық инфекция бойынша жағдайдың мониторингіне көз жүгіртсек, соңғы тәулікте79 адамнан қауіпті індет анықталған. Бүгінгі күні 18 адам амбулаторлық ем қабылдауда. 21-і үй жағдайында оқшаулануда. Жалпы, үй карантинінде, оның ішінде науқастармен байланыста болған және басқа елдерден келген 215 жағдай тіркелген. Олардың 15-і ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі таңда облыста тәуліктік қуаттылығы бар 10 зертхана жұмыс істейді. Олар Ұлттық сараптама орталығының филиалы – 1600, «Олимп» КДС – 750, «Инвиво» ЖШС – 150, облыстық фтизиопульмонология орталығы – 100, «Геном» ЖШС – 50, «LABCELL» ЖШС – 100, «Alatau clinic» ЖШС – 70, «OXYMED» ЖШС – 100, Атбасар РВЛ – 100, Ақкөл РВЛ – 100. Бұл зертханаларда тәулігіне екі мыңнан астам ПТР талдау жүргізіледі.
Облыста 133 екпе орталығы мен 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Вакцинация жасауға 564 медицина қызметкері тартылған. Оның 200-і дәрігер болса, 391-і медбике. Сонымен қатар, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарындаегу жұмыстарына арналған 11 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған. Оған қоса, 13,5 миллион теңгеге авторефрижератор сатып алынған.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.