Көбейіп кеткен кен орындарының жайсыздығы

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында өткен отырыста Целиноград ауданындағы пайдалы қазбаларды өндіретін карьерлердің жай-күйі сөз болды.

Целиноград ауданы әкімі орынбасары Анаш Жантеміровтің айтуынша, бұл өңірде 57 түрлі учаскелер мен кен орындарында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған 57 келісім-шарт жасалған. Осыған байланысты өзекті проблемалар туындап отыр. Пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары жүргізілетін аумақта тұратын халықтың, сондай-ақ, малдың қауіпсіздігі, қандайда бір кен орнына келісім-шарттар беру кезінде жердің нысаналы мақсаты мен карьерлер аумағында су ресурстарының болуы алаңдатпайды.

Жер қойнауын пайдалану салдарын толық жою бойынша міндеттемелерді сақтамау да көптен бері көтеріліп жүрген мәселелердің бірі. Тұтастай алғанда, карьерлерден туындайтын барлық дауларды шешу орталық атқарушы, құқық қорғау, сондай-ақ, өкілетті органдар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан кешенді әрекет жасауды талап етеді. Осылайша облыстық деңгейдегі депутаттық сауал негізінде Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігіне жер қойнауын пайдалануға лицензия беру кезінде жер учаскелерінің болуы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы болған жағдайда Экология министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру немесе тыйым салу бойынша құзырет беру ұсынылды.

Аталмыш аудан әкімінің орынбасарының айтуынша, жер пайдалану салдарын толық жою бойынша мән-жайларды сақтамау проблемалары да бар. Анаш Жантеміров өз сөзінде карьерлер ауаны ластаудың негізгі көздерінің бірі болып табылатынын ескере отырып, агломерацияның отыз шақырым аймағында жер қойнауын пайдалану құқығына келісім-шарттар мен лицензиялар беруді тоқтатуды, қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес рәсімделмеген жер учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығына бұрын берілген лицензияларды қайтарып алу мәселесін алға тартты. Жиынға сонымен бірге, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов та қатысып, көкейтесті мәселелерді ортаға салды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар