Беларусь-Польша шекарасындағы жағдай: Босқындар топтарға бөлінді

Беларусь-Польша шекарасындағы өткізу бекетінің жанындағы лагерьдегі босқындар кішігірім топтарға бөлінді. Олар көлік-логистикалық орталыққа қарай жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Белта агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, оларға Беларусь Президенті Александр Лукашенконың бұйрығымен ұйымдастырылған уақытша орналастыру бекетіне өтуге бірнеше рет ұсыныс жасалған. Көлік-логистикалық орталықта олар барлық керек заттармен қамтамасыз етілген. Босқындарғы жылы киімдер берілген, тамақтандыру ұйымдастырылған. Оларға билік органдарымен қоса, қоғамдық ұйымдар да көмек көрсетуде, тәулік бойы дәрігерлер күзетуде.

Беларусь тарапы шекарада қалып қойған адамдарға көмек көрсету үшін қолдан келгенін бәрін жасап жатқанын хабарлады. Еuronews жазуынша, Беларусь-Польша шекарасында мыңдаған мигранттың жиналғаны Беларусьтің басқа да көршілеріне белгі болды. Латвия шығыстағы шекарасын нығайтып жатыр: республика билігі 37 шақырым қашықтықты құрайтын уақытша қоршау салуды қаржыландыруда.

Қоршау барлық жерге орнатылмауы мүмкін, себебі шекарада өзен мен балшық жерлер бар. Рига ресми түрде келесі жылдың ақпанына дейін шекарадағы аймаққа төтенше жағдай режимін создыруға рұқсат берді. Латвияның шекара қызметінің генерал-лейтенанты Юрис Кусиньш былай деді:

«Біз дауыс зорайтқышпен күрд, араб, ағылшын және орыс тілінде Латвия аумағына заңсыз кіргендер жауапқа тартылатынын ескертіп жатырмыз. Көптеген жағдайда адамдардың қайта кетуіне осы да жеткілікті шығар». Беларусьтің тағы бір шекаралас көршісі – Литва мигранттарды иттердің көмегімен қуып шыққанды теріске шығарды. Ондай видеоны Беларусь Мемлекеттік шекара комитеті таратты. Литва тарапының мәліметінше, ол жалған ақпарат.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар