Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлына арналады - АРҚА АЖАРЫ

2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлына арналады

Дамыған мемлекеттер көшінен қалмаудың бірден бір жолы — сапалы білім мен саналы тәрбие. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылдары Әл-Фараби мен Абай жылы аталып өтсе, биыл Жамбыл жылы тойлануда, келесі жылды Ахмет Байтұрсынұлына арнау көзделіп отыр. Яғни, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүріп жатыр», — деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Оның атап өтуінше, бүгінде «кітап – мұнайдан да қымбат қазына». Сондықтан кітап оқитын ұлтты қалыптастыру бағытында отандық шығармаларды шығару көлемін арттыру көзделген. «Біздің мақсат – азаттықты ардақтап, Отанымызды одан әрі нығайтып, келер буынға табыстау. Өскелең ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Сапалы білім мен саналы тәрбие – ұлтымыздың ұлы, ұрпағымыздың ұлағатты болуының кепілі.
Әлем жылдам өзгеріп жатқан уақытта дамыған мемлекеттер көшінен қалмаудың бірден бір жолы – осы. Жамбылдан жеткен өнегелі өсиеттің де табан тірер тұғыры, тамыр тартар тереңі – осы айнымас құндылықтарда. Сондықтан Жамбыл мұрасын жаңғыртып, жан-жақты насихаттау ісі күн тәртібінен түспейді»,- деді Дәурен Абаев.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар