Ақмола облысына 35 мың Pfizer вакцинасы жеткізілді

Ақмола облысының дәрі-дәрмек қоймасы 35 100 дана Pfizer вакцинамен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, вакцина Ақмола облысындағы -80-90 градус температура аралығында жұмыс істейтін 2 тоңазытқыш камерасына орналастырылды. Одан бөлек, 1 дана авторефрежитор жаңадан сатып алынды. Құрылғы минус және плюс кез-келген температурада қалыпты жұмыс істейді.

«Алдағы дүйсенбіден бастап вакцина өзге аймақтарға тасымалданатын болады. Аталған вакцинамен, ең алдымен балалар, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге (16-37 аптадағы жүктілік мерзіміндегі аяғы ауыр келіншектерге), босанғанына 42 күн толған бала емізетін аналарға салынатын болады», – деді ведомстводан.

Қазіргі таңда Ақмола облысы аудандық ауруханалар екпе маусымына дайын.

«Медициналық ұйымдар, мектептер, медициналық қызметкерлер арнайы әдістемелік даярлықтан өтіп, толық аттестацияланды. Екпе егу жұмыстарына рұқсат алды. Дәл осы сәтте ата-аналардың келісімін алу үшін ақпараттандыру жүргізіліп жатыр. Аудандарда түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде. Оған жауапты арнайы мамандар бекітілді. Екпе егетін бригадалар жұмысқа кірісуге әзір», – деп толықтырды ведомстводан.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/akmola-oblysyna-35-myn-pfizer-vakcinasy-zhetkizildi_a3864740

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар