Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкшетау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері арасында шағын футбол мен волейболдан турнир өтті.
Іріктеу жарыстарына Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің құрама командалары қатысты.
Өңірлік турнирге қатысушыларды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Арман Рахимов құттықтап, осындай іс-шаралар денсаулық үшін ғана емес, әріптестер арасында командалық рухты арттыратынын және ұжымдарда салауатты атмосфера құратынын атап өтті. Ол жарысқа қатысушылардың барлығына адал күрес пен жоғары спорттық нәтижелер тіледі.
Жарыс барысында барлық командалар жауынгерлік тұрғыдан бапталып, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Тартысты күрес нәтижесінде шағын футболдан Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің командасы жеңіске жетті, екінші орынды Ақмола өңірінің құрама командасы жеңіп алды, сондай-ақ көшбасшылар үштігіне Қарағанды облысының құрама ойыншылары кірді.
Волейболшылар арасында үшінші орынды Ақмола облысының Антикор қызметкерлер командасы, екінші орынды астаналық команда, ал аймақтық турнирде кубокты Қостанай облысынан келген қонақтар жеңіп алды.
Жеңімпаздарға кубоктар табысталып, жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.
Айта кетейік, өңірлік жарыстардың қорытындысы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген құрамалар елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен өтетін финалдық турнирдің басты олжасы үшін бақ сынайды.