Көкшетау мен Краснояр кентінде терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтеді

Ағымдағы жылдың 24-25 қарашасында Көкшетау қаласы мен Красный Яр кентінің аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабының терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі.

Осыған байланысты Көкшетау қаласының аталған аудандарында жүріп-тұруға ықтимал уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Техниканы, оқу-жаттығу орнын суретке түсірмеуді, осы іс-шара туралы қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз.

Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар