Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашағы бар ауылдар дамытылады - АРҚА АЖАРЫ

Болашағы бар ауылдар дамытылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық экономика және бюджетті жос-парлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және перспективалы ауылдарды дамыту» деген тақырыпқа брифинг өткізді.

Басқарма басшысы сөзін Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес 2025 жылға дейін еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқару Концепциясы құрылып, Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілгенін еске салудан бастады.

Осы Концепцияны жүзеге асыру аясында 2013-2020 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұйымдастырылып, әкімдердің сайлауы енгізіліп, қаржыландыруды оңтайландыру мақсатында бюджет жүйесінің 6 салық түрі белгіленген 4 деңгейі көрсетілген болатын. Соған орай, ауылдық округтер өз бюджеттерін жасақтап, жергілікті басқарудың коммуналдық иеліктерін меңгере бастады.

Енді тұрғындар өз салықтарының қайда жұмсалатынын көре алатын болды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа Концепциясын жүзеге асыру екі кезеңмен: 2021-2024 және 2025-2030 жылдар аралығында өткізілмек. Бүгінгі таңда облысымызда 239 ауылдық округ бар. Ол елді мекендерде 825,6 мың адам тұрады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық округтер бюджеттің 4-ші деңгейіне өтті.

Үстіміздегі жылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеті 13, 9 миллиард теңге болып жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,2 пайыз-ға, немесе, 2,0 миллиард теңгеге артық. Олардың өз кірістері осы жылдың 10 айында 1,9 миллиард теңге, немесе жоспарланған 1,5 миллиард теңге орнына 130,2 пайыз артық соманы құрады. Жылдық жоспар 2164,9 миллион теңге. Орташа алғанда ауылдық округ бюджеті 58,2 миллион теңге шамасында. Ол сол ауыл тұрғындарының санына және ауылдық округтер экономикасына байланысты.

Негізінен, тұрғыны 50 адамнан кем, көшіп кету үрдісі байқалатын, мектебі, медициналық мекемелері жоқ, сондай-ақ, бизнесті өрістетуге кәсіпкерлер орын теппеген ауылдар болашақсыз болып табылады.

Осындай мәліметтерді алға тарта келіп, басқарма басшысы қандай ауылдардың перспективасыз болып саналатынына, олай атау үшін атүсті емес, нақты ақпараттар алынатынына тоқталды. Журналистердің ауылдарға мектептер салу барысы жөніндегі сұрақтарына толыққанды жауап қайтарды. Өйткені, ауылдарда тұрғындардың, жас мамандардың тұрақтануының бір кепілі – мектеп.

Көпшілігі ауылда мектеп болмаған соң басқа елді мекендерге көшуге мәжбүр. Бұл ретте, брифинг қонағы Целиноград, Ақкөл, тағы басқа бірқатар аудандарға қарасты ауылдарда мектептер, балабақшалар салу жоспарланғанын жеткізді. Кей жерлерде кәсіпкерлер өз қаражаттарымен осы игілікті істі қолға алған.
Қ.Дүзелбаев көтерілген тақырыпқа орайлас журналистердің басқа да сұрақтарына жауап берді.

Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар