Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2021 жылғы қазан айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы - АРҚА АЖАРЫ

2021 жылғы қазан айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері. Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы қазан айында облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 106,7 пайызды құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 105,1 пайыз, республикалық мағынада, тиісінше – 107,0 пайыз және 105,5 пайыз құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,8 пайызға, азық-түлік тауарлары – 8,6 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 4,3 пайызға қымбаттады.
2021 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 25 қазанға дейінгі мерзімде базалық мөлшерлеме жылғы 9,5 пайызды құрады. 2021 жылғы 26 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 9,75 пайызды құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 0,4 пайызға ұлғайды, 90,9 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,8 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 55,1 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың қазан айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 425,64 теңгені, еуроға – 493,55 теңгені, ресей рубліне – 5,96 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Ақмола облысында 70 айырбастау пункті, оның ішінде: 54 – банк филиалдарының, 12 уәкілетті ұйымның 16 айырбастау пункті (оның ішінде «Казпошта» АҚ-ның – 4) жұмыс істейді.
2021 жылғы қазан айында облыстағы айырбастау пункттері 11,4 миллион АҚШ долларын, 2,1 миллион еуро және 660,4 миллион ресей рублін сатты. 2020 жылғы қазан айында – 11,3 миллион АҚШ доллары, 1,6 миллион еуро және 755,9 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 232,8 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,3 пайызға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 84 пайызды құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,72 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,82 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 316,6 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 297,7 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 25 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 2 пайызға ұлғайды (2021 жылғы 1 қазанға – 291,9 миллиард теңге).
2021 жылғы қазан айында облыс банктерімен сомасы 23,6 миллиард теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 4,2 пайыз азайды.
2021 жылғы қазан айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,4 пайызды құрады.
2021 жылғы қазанда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 99,9 пайызды құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 107,5 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қазан айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы тамыз айы-мен салыстырғанда 1,7 пайызға азайып, 10 857,9 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 80,5 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қазан айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 4 606,1 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 8,8 пайыз немесе 444,1 миллион теңгеге азайды.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 қарашаға 48,7 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қазан айында 4 135,4 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 0,6 пайызға өсті (2021 жылғы қыркүйекте – 4 111,3 миллион теңге берілді). 2021 жылғы қазанда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 14,0 пайызын құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2021 жылғы 1 қарашаға 1 367,0 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 2,2 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,4 пайызды құрайды.
2021 жылғы қазан айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 138 957,0 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 8,1 пайызға өсті). Транзакциялар саны 9 307,1 мың транзакцияны құрап, 7,9 пайызға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 8,4 пайызға өсіп, 8 554,8 мың транзакцияны құрады, сомасы 12,1 пайызға өсті (мөлшері 93 081,1 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 3,0 пайызға дейін өсті (транзакциялар саны 752,3 транзакцияны құрады), сомасы 0,9 пайызға өсті (мөлшері 45 875,9 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 13 041 POS-терминал, 397 банкомат, 5 677 кәсіпкер1; 9 109 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

1 Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар