Pfizer және Biotech компаниялары «Омикрон» штамымен күресетін вакцина шығаруы мүмкін

Вакцина шығаратын бірнеше фармацевтикалық корпорация «Омикронды» зерттеуге кіріскендерін және қажет болған жағдайда өз препараттарын түрлендіруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Pfizer және Biotech компаниялары жаңа штамм олардың вакциналарына төзімді болса, олар «шамамен 100 күн ішінде осы нұсқаға қарсы арнайы бейімделген вакцина жасауға және шығаруға» дайын екенін айтты. «Спутник V» жасап шығарған Гамалей атындағы Мәскеу орталығының басшысы Александр Гинцбург Интерфаксқа ресейлік ғалымдар вакциналарын жаңа нұсқаға бейімдеуге дайын екенін айтты.

Оның айтуынша, алдымен орталық осы мутация үшін бұрыннан бар препараттың тиімділігін тексереді. «Ондай модификация жасауға болады. Вакцинаны түлендіру тез болады, бірақ оның қажет екенін вирусты бейтараптандыру қабілетін анықтағаннан кейін біле аламыз», – деді ол. Сондай-ақ, Гинцбург Гамалей атындағы орталық «Дельта» нұсқасы шыққаннан кейін «Спутник V» вакцинасын түрлендірмегенін еске салды.

Себебі, екпе «83-85-90%-ға» тиімді болып шықты. Тағы бір вакцина өндіруші – Мoderna фирмасы былай деді: «2021 жылдың басынан бастап Moderna-ның жаңа штаммдарға бағытталған мұқият ойластырылған стратегиясы бар. Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді. Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/pfizer-zhane-biotech-kompaniyalary-omikron-shtamymen-kuresetin-vakcina-shygaruy-mumkin_a3867931

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар