Салық қызметкерлері кәсіпкерлердің мобильді аударымдарына қатысты түсінік берді

Қазіргі уақытта желіде кәсіпкерлікпен, оның ішінде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдардың мобильді аударымдарын жаппай бақылау туралы ақпарат таратылуда.

Бизнес субъектілеріне салық салу барынша оңайлатылғанын айта кету керек, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады, ол бойынша мөлшерлеме жалпы кірістің тек 1% – ын құрайды. Мысалы, егер кіріс 300 мың теңгені құраса, онда салық айына бар болғаны 3 мың теңге болады.

Бұл ретте, кассалық аппаратты сатып алу міндетті емес, онлайн кассалық аппараттардың бірнеше тегін мобильді нұсқалары бар. Келесі жылдан бастап “e-Salyk Business”мобильді қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін арнаулы салық режимі енгізіледі.

Осы қосымшада дара кәсіпкер тіркелуге, салық салу режимін таңдауға болады, қосымша кассалық аппарат ретінде пайдаланылуы мүмкін. Салықтар мен төлемдерді осы қосымшаны қолдана отырып төлеуге болады.

Сонымен қатар, мемлекет шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, дара кәсіпкерлерді 2023 жылға дейін кірісінен салық төлеуден босатып, тексеру жүргізуге мораторий жариялады.

Осыған байланысты кәсіпкерлерді заңды бизнес жүргізуге, нақты кірістерді көрсетуге шақырамыз, бұл жалпыға бірдей декларациялауды енгізу қарсаңында әсіресе өзекті.

Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар