Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде онлайн режимде 2-7 сынып оқушылар арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Зерттеулік әдептің дағдыларын жетілдіру және зерттеулік әдістерді дамыту арқылы бастауыш және негізгі мектеп оқушылары тұлғалығының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, ерте мектеп жасынан оқушылар бойында зияткерлік шығармашылықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 437 зерттеу жобалары тапсырылып, оның ішінде 220 зерттеу жобалары сараптамадан өтті. Байқауға 16 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 236 оқушы қатысты.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары төмендегі 9 секция бойынша өткізілді:
1 секция — қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция — орыс тілі мен әдебиеті;
3 секция — математика, информатика;
4 секция — физика, техника;
5 секция — медицина, психология;
6 секция — химия, биология;
7 секция — тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8 секция — экология, валеология;
9 секция – робототехника.
Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 29 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 50 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 77 оқушы, грамотамен 19 оқушы марапатталды.