Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады! - АРҚА АЖАРЫ

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін».
БЖЗҚ 2021 жылдың 10 желтоқсанында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – Қордың зейнетақы қызметтерінің сапасын арттыру және дамыту, тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматтарын дамыту арқылы қатысушылардың зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қызмет көрсету арналарын кеңейту.
Кездесу барысында Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері кешенін алу мүмкіндігі жөнінде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері, сондай-ақ, Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:
• жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
• қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
• зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі жөнінде әңгімелеп беретін болады.
Ашық есік күні зейнетақы қызметтері туралы ақпарат алғысы келетін Қор салымшыларының барлық санаттары үшін өткізіледі. БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға қызметтерді алудың әр түрлі тәсілдері туралы, сондай-ақ, егер Сіз БЖЗҚ кеңсесіне келіп тұрып, бірақ үйде жеке куәлігіңізді ұмытып кеткен жағдайда, не істеу керектігіңіз жөнінде айтып береді.
Сондай-ақ, кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.
Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 10 желтоқсанда сағат 10.00-де, 12.00-де және 15.00-де онлайн форматта өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://bit.ly/akm-enpf
Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізіп, тіркелуден өтіп, белгіленген уақытта іс-шараға қосылыңыз: 2513 463 5560 және event-кеңес паролін енгізу: 1234 қажет.
Сондай-ақ, іс-шараға тіркелу және қатысу үшін ұялы телефоныңыздан QR кодын сканерлеуге болады:
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар