Ортақ мүддені көздейді

Жуырда Ақмола облыстық қоғамдық кеңесі мен Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі болып өтті. Бұл шараны Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сағынтай Елубаев кіріспе сөзбен ашты.

Сағынтай Зекенұлы өз сөзінде қоғамдық кеңестің атқарушы органдар мен қоғам арасындағы байланыстырушы буын екендігін, ол өзінің құрылған күнінен бастап, облыс пен Көкшетау қаласы тұрғындарының барлық ұсыныс-тілектері мен талаптарына жедел үн қосып келе жатқандығын баса атап көрсетті. Қоғамдық кеңестің және ондағы құрылған комиссиялардың мүшелері орын алып отырған проблемалар бойынша кез-келген мәселені талқылау барысында өздерінің белсенділіктері мен принципшілдіктерінен таймай келеді. Облыстық қоғамдық кеңестің жұмысы тұрғындармен, депутаттық корпуспен және өңірлік кеңестердің мүшелерімен кездесулер өткізіп, тұрақты байланыста болу тұрғысында жүргізіліп келеді. Сағынтай Зекенұлы атап өткеніндей, қоғамдық кеңестің барлық шаралары ашық, жария түрде өтеді. Оның іс жүзіндегі қызмет аясы аймағымызда азаматтық қоғамның сан алуан мәселелер, соның ішінде білім саласына қатысты мәселелер бойынша да өз пікірлерін өткізе алатын  беделді қоғамдық институты және еркін диалог алаңы жұмыс істейді деп айтуымызға толық мүмкіндік береді.

Бұдан кейін меморандум мәтіні оқылып, оған қол қою рәсімі өткізілді. Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Серік Алтаев осы оқиғаның маңыздылығына тоқтала келіп, өз мекемесінің білім және білім саласындағы қызметтердің сапасын қамтамасыз ету ісіне қадағалау мен бақылау жасайтынын атап өтті. Департаменттің қызмет аясы өте кең. Мекеме өз құзырына байланысты Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет Қаулысында белгіленген талаптарды сақтау жөнінде тексерістер жүргізеді және білім мекемелерінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу, Қазақстан Республикасы заңдылықтары мен нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, білім және ғылым ұйымдарында білім берудің барысын, оның сапасын қадағалау сияқты жұмыстарды жүзеге асырады.

Қоғамдық кеңес пен аталған департамент арасындағы меморандум шеңберінде облысымыздың білім саласындағы проблемалық мәселелерінің тиімді шешілуіне игі ықпал жасалатын болады. Мұның аймағымыздың білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, бірлескен шараларды атқарып, ақпараттар алмасуға, проблемалық мәселелерді бірге көтеріп, шешімін бірлесіп іздеуге де игі ықпалы мол болады деп күтілуде. Осындай меморандумды қарастырып, оған қол қою рәсімі де жоғарыда айтылған ортақ мүдделерден туындап отырғаны анық.

Салтанат БӘКІРОВА,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар