Қосшы қаласында «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қосшы қаласының тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсететін тағы бір орталық ашылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға қала әкімі Гайдар Қасенов қатысып, медицина қызметкерлері мен қала тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.
«Жанұя» отбасылық денсаулық емханасы Қосшы қаласының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Осы емханада тіркелген 29 мың адам білікті медициналық көмек алады. Алайда, қала халқының өсуіне байланысты қалада екінші емхана ашу қажеттілігі туындады.

Жаңа ғимарат заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда қала тұрғындары терапия, гинекология, оториноларингология, УД, эндоскопия және функционалдық диагностика қызметтерін ала алады. Филиалда күніне 320-350 адамға дейін қызмет көрсетуге бағытталған 18 учаске болады. Жедел жәрдем бригадасының жұмысы жоспарланып отыр, ол күніне 30-45 шақыртуға қызмет көрсете алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар