Алдын алу жұмыстарына мән береміз

Тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күннен бастап, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін институттар мен іс-қимыл тетіктерін құру бойынша нысаналы және кезең-кезеңді жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтегі әр азамат өз жұмысының барша маңыздылығын ұғынуы және өз елінің нағыз патриоты болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде мемлекеттік қызметші ие болуы тиісті қасиеттер нақтылы айқындалған. Ол – жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділ, адал, белсенді өмірлік ұстаным.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар өз құзыреттілігінің аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті. Осыған байланысты, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының ықпалын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Оны жүзеге асыру үшін Ақмола облысының қаржы басқармасымен ағымдағы жылға іс-шаралар жоспары қабылданды.

Жоспарға сәйкес қаржы басқармасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірленеді. Сонымен қатар, тұрақты негізде жеке және заңды адамдар өтініштерінің сапалы және уақытында қаралуына қатаң бақылау жүргізіледі. Басқарма қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін, мекеменің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар, сондай-ақ, облыс бюджетінің атқарылуы мен басқарманың бюджеттік бағдарламалары туралы ақпараттар, басқармамен әзірленетін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары орналастырылады.

Қызметкерлердің сауаттылығы мен кәсіби деңгейі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін маңызды фактор болып табылады. Осыған байланысты, қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзекті тақырыптарға аппараттық оқулар жиі өткізіледі. Заңнамадағы, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бюджет заңнамаларындағы өзгерістер қадағаланып талқыланады.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бақылау жүргізу және қызметтік уәкілеттілігін асыра пайдалануға жол бермеу мақсатында қаржы басқармасында 8 (716-2) 25-30-42 нөмірі бойынша «сенім телефоны» жұмыс істейді. Лауазымды адамдардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты азаматтардың арыздары мен өтініштеріне арналған жәшік орнатылды.
Аталған іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуына жол бермеуге ықпал етеді.

Талғат БӨЛТЕНОВ,
Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар