Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштері

2021 жылғы қаңтар-қазан айларында облыс аумағында жалпы алаңы 482,8 мың шаршы метр тұрғын үйлер барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазан айларына қарағанда 106,1 пайызды құрады.

Тұрғын үйлердің айтарлықтай көлемін – 461,4 мың шаршы метрін жеке меншік құрылыс нысандары пайдалануға берген.
2021 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 67729,3 миллион теңге инвестиция тартылды. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 16,8 пайызын құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің елеулі түрде өскені 2020 жылғы қаңтар-қазанымен салыстырғанда Біржан сал (87,4 пайызға), Жақсы (51,8 пайызға), Сандықтау (46,8 пайызға), Аққөл (40 пайызға ), Егіндікөл (35,5 пайызға) және Шортанды (31,4 пайызға) аудандарында байқалады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің негізгі үлесі Целиноград ауданы (192,4 мың шаршы метр немесе 39,9 пайыз) мен Көкшетау қалалық әкімшілігіне (181,1 мың шаршы метр немесе 37,5 пайыз) тиесілі.

3508 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 95,6 пайызды құрады.
Ауылдық және қалалық жерлердегі пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының үлесі тиісінше, 55,2 пайызды және 44,8 пайызды құрады (2020 жылғы қаңтар-қазанда – 55,6 пайыз және 44,4 пайыз).

 350 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар