QazVaq отандық вакцинасын тіркеу процесі қай кезеңде тұр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVaq отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақту ұйымымен тіркеу процесі қай кезеңде екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, процесс жүріп жатыр. Жақында ғана Женевада болған сапарымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорымен пікір алмастық. Орлар ұйым тарапынан толық қолдау болатынын алға тартты. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Қазақстанда орналасқан біздің өңірлік кеңсе де осы мәселемен айналысып жатыр. Яғни, құжаттарды тапсыру рәсімі жүзеге асырылып жатыр», – деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып. Оның айтуынша, қазіргі кезде мамандар қандай қосымша құжаттарды өткізу керек екенін айқындап жатыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, министр Pfizer вакцинасының бағасы жеткізу құнына байланысты болатынын айтты.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/qazvaq-otandyk-vakcinasyn-tirkeu-procesi-kay-kezende-tur_a3871848

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар