Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың ревакцинация мәселелерін айқындайтын жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы бойынша Қазақстан аумағында 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық крусын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек. Олар да алғашқы вакцинаның толық компонентін алған күннен 6 ай өткенде қайта вакциналауға жатады. «Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады», – деп жазылған құжатта. Сондай-ақ, бұрын коронавиурсқа қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді ревакциналау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізілетіні айтылған. «КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакциналау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі», – деп жазылған Бас санитар қаулысында.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/revakcinaciya-kr-bas-sanitar-darigerinin-zhana-kaulysy-shykty_a3871919

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар