Коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңінде қолданылған екпемен де ревакцинация жасауға болады. Бұл туралы ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады. Вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге жол беріледі», – деп жазылған қаулыда. Сонымен қатар бұған дейін жарияланған № 46 қаулыға мынадай түзету енгізілді: «Растайтын құжаттарды ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің халықты тіркеу тізбесінде «Вакциналау» модуліне шет елдерде КВИ-ге қарсы ревакцинация алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы ревакцинация туралы мәліметтерін енгізуді қамтамасыз етсін», – делінген түзетуде. Сондай-ақ құжат бойынша, шетелде КВИ-ге қарсы ревакцинация (III доза) алған Қазақстан Республикасы азаматтарының ревакцинация туралы деректерін енгізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халықты тіркеу тізбесіндегі «Вакциналау» модуліне медициналық ұйымдардың қолжетімділігі қамтамасыз етілмек. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Еске салайық, аталмыш Қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық крусын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек. Олар да алғашқы вакцинаның толық компонентін алған күннен 6 ай өткенде қайта вакциналауға жатады.
https://www.coronavirus2020.kz/kz/vakcinaciyanyn-algashky-kezeninde-koldanylgan-ekpemen-revakcinaciya-zhasauga-bolady-kauly_a3871927