Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысында жаңа мәдениет нысандары ашылуда - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысында жаңа мәдениет нысандары ашылуда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Бурабай кентінде қайта жөндеуден кейін ауылдық кітапхананың ашылуы өтті. Мәдениет мекемесіне «Үлгілі ауыл кітапханасы» деген жаңа мәртебе берілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасынан хабарлағандай, бөлмені ағымдағы жөндеуден және жобалаудан кейін кітапханада заманауи жабдықтар мен жиһаздар, жаңа компьютерлік техника пайда болды, кітап қоры айтарлықтай жаңартылды.

Кітапханада 30 орындық оқу залы, мерзімді басылымдар залы, коворкинг-орталық, мәдени-сауық орталығы, «Парасат жолы» орталығы, «Мобильді кітапхана» бұрышы, балалар залы бар.

«Бурабай кентінің модельдік кітапханасы ыңғайлы, жайлы болды, қонақтарға ашық қорлар, электрондық ресурстар, тегін Wi-Fi қызмет көрсетеді, мұның барлығы тұрғындарға өз жанына жақын іс тауып, өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді», — деп толықтырды облыстық ведомстводан.

Нысанның ашылу салтанатында Бурабай аудандық мәслихат хатшысы Мәлика Нұрпанова, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Құдайберлі Мырзабек, Бурабай ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Дәмеш Қарсыбаева, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен кітапхана ісінің ардагерлері кітапхананың тұрақты оқырмандары мен жергілікті тұрғындарды тамаша оқиғамен құттықтады.

Айта кетейік, өңірде 331 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді, оның 289 ауылда. Тәуелсіздік жылдары облыста 123 кітапхана ашылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар