Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
22 желтоқсан – Энергетик күні - АРҚА АЖАРЫ

22 желтоқсан – Энергетик күні

Электр қуатын тарату жүйелері жаңартылуда

Энергетик күні қарсаңында тілшіміз «Ақмола электр желілерін таратушы компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры Александр Павловқа жолығып, энергетика саласындағы өзгерістер және «ГарденВиладж» шағын станциясының құрылысы жөнінде әңгімелескен болатын.

–Александр Владимирович, бұрынғы Целиноград облысының аудандарын электр қуатымен қамтамасыз ететін сіздердің акционерлік қоғам биылғы жылы жаңа «ГарденВиладж» шағын станциясын салу жобасын жүзеге асыру жұмысын аяқтады. Бұл Нұр-Сұлтан мен Қосшы қалаларын және жақын елді мекендерді электрмен қамтамасыз ету сенімділігін арттыратыны белгілі. Жаңа шағын станцияның негізгі артықшылығы жөнінде не айтасыз?

–Жабық түрдегі «ГарденВиладж» 110/10 кВ жаңа шағын станциясы Нұр-Сұлтан қаласы маңында орналасқан «Әуежай-Солтүстік» және «Достық-Солтүстік» ВЛ-110 кВ станцияларынан тоқ алады. «ГарденВиладж» шағын станциясына қосылған жаңа тұтынушылардың электрмен қамтамасыз ету сенімділігін сақтау мақсатында әрқайсысының қуаты 40 МВА болатын екі мықты трансформатор орнатылды. Бұл энергонысан Нұр-Сұлтан мен Қосшы қалаларының тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз етуге және оның сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, ол өңір инфрақұрылымын ұлғайту үшін жағдай жасайды. «Ақмола электр жүйелік таратушы компаниясы» акционерлік қоғамы жүзеге асырған жоба құны 2 661, 337 миллион теңгені құрайды. Шағын станция барлық қауіпсіздік талаптарына және тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету сапасы стандарттарына жауап беретін қазіргі заманғы қондырғылармен жабдықталған.

–Бұл жұмыстар тұтынушыларға не береді?

–Жаңа шағын станцияның құрылысы Нұр-Сұлтан қаласы мен оның іргесіндегі елді мекендерді электрмен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға және сұлбаны жаңғыртуға қажет болды. Жаңа шағын станцияны пайдалануға беру энергия нысаны жұмысын арақашықтықтан бақылауға және жүйе жұмысының технологиялық бұзылуындағы жөндеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «ГарденВиладж» трансформаторлық қуатын арттыру жаңа нысандардың техникалық қосылу мәселесін көп жылдарға шешеді. Жоба Нұр-Сұлтан мен Қосшы қалаларын 2016-2020 жылдардағы дамыту кезеңі есепке алынып, инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылды. 2020 жылы 3 293,4 миллион теңгенің инвестициялық жоба шаралары орындалды. Инвестициялық жобаны орындаудың үнем сомасы 198,520 миллион теңгені құрады. Инвестициялық жобаның жеке мөлшері толық көлемде орындалды.

–Кез-келген компанияның шешуші бағытының бірі – жөндеу жұмыстары. Оның жүзеге асырылуы жөнінде айтсаңыз.

–Қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру ережесі аясында биылғы жылы 915 шақырым арақашықтықтағы электр желісіне, әртүрлі 36 шағын станцияға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Ұзындығы 44,4 шақырым ВЛ-0,4кВ техникалық жаңғыртудан өтті. Сондай-ақ, арақашықтығы 37,3 шақырым «Макинск – Никольский» ВЛ-110кВ қалпына келтіру құрылысының бірінші кезеңі аяқталады. Бүгінгі күні «АРЭК» акционерлік қоғамының өндірістік базасында биіктігі 75 метр байланыс мұнарасының құрылысы жүргізілуде. Бұл «АРЭК» акционерлік қоғамының энерго нысандарына Нұр-Сұлтан қаласы арқылы орналастырылған радиорелейлік станция бойынша радиодабылдың сенімді өтуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

– Соңғы кездері жұрт отандық энергетиканы негізгі қорын азайтты деп есептейді. Бұл жағдай туралы айта аласыз ба?

–Таратушы электр жүйелерінде ауыстыруды қажетсінетін қондырғылардың үлесі 70 пайызға жетеді. Дегенмен, бұл жерде техникалық жағдай қайтадан жабдықтау және қалпына келтіру, сондай-ақ, жаңа қуат енгізу тәрізді екі фактордан құрылатынын түсінген жөн. Қуатты жаңарту бойынша Инвестициялық бағдарлама жылдан жылға бұл көрсеткішті жақсартуда. Мұнда энергетикалық қондырғы ескіруінің және жөндеу шығынының өсіп келе жатқан үрдісін көруге болады. Осы орайда, тұтынушы тарифінің көрсеткіші де өседі. Мәселен, биылғы жылдың басында бекітілген тариф 1 кВт/сағат үшін 5,05 теңгені құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 5,08 теңге. Бұл энергия өндіретін ұйымдарда бағаның өсуімен тікелей байланысты.

– Сіздің компания жұмыс істейтін өңірдегі энергетика саласына коронавирустық дағдарыс қалай ықпал етті? Инвестициялық жобаларды қай ұстаным бойынша қысқартасыздар?

–Инвестиция бағдарламаларының шаралары энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда, компания оны жүзеге асыруға міндетті. Инвестициялық бағдарламаларды түзету электр энергетика компаниясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі соңғы шара. Біз жүзеге асыру мерзімін жылжыта аламыз. Бүгінгі күні компания 20,5 мың шақырым электр тарататын жүйеге, 3 551 шағын станцияға қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету өңірі 114 мың шаршы шақырымды, биылғы жылғы инвестициялық бағдарламаның сомасы 4 539, 1 миллион теңгені құрайды. Дағдарыс кезінде тұрғындарды электрмен қамтамасыз ету барысында жүйелі проблема болған жоқ.

–Цифрландыру жағдайында электр энергетика саласы үшін мамандар даярлау мәселесі маңызды. Энергетиктердің жаңа ұрпағынан не күтуге болады?

–Кәсіби стандарттарды және білім жүйесін өзгерту мәселесі бар. Электр энергетика үшін жаңа оқу бағдарламасы қажет. Тағы бір мәселе – бұл тәжірибелік тапсырманы шешуге студенттерді техникалық дайындау да болып отыр. Осы орайда, «ЦАЭК» акционерлік қоғамының қосалқы ұйымдарында 2015 жылдан бері жас мамандарды қолдау жүйесі бойынша кәсіпорынға қажетті мамандыққа оқу орындары түлектерін тарту, мамандардың білім деңгейін арттыру, білікті мамандарды ұстап қалу бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында студенттер каникул кезінде уақытша жұмыс істей алады, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Кәсіпорында жұмыс істейтін жас мамандарға оқу демалысының төлемақысы беріледі. Жоба техникалық мамандар даярлау жөніндегі мемлекет саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Сөз соңында әріптестерімді төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын, еңбек жемісін тілеймін!

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген
Рамазан ТІЛЕУОВ.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Жарығы мол, жұмыс ауқымы зор

Бұрнағы жылдары шалғайдағы шағын ауылдар түгілі ірі елді мекендерде қақаған қыс ішінде апат салдарынан электр қуаты берілмей қалып, ел әбігерге түсетін. Биыл «Көкшетау Энерго» серіктестігі қатал сыншы – қысқа қапысыз дайындалды.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірнеше іргелес аудандарын электр қуатымен қамтамасыз ететін ұжым елімізде алғашқылардың бірі болып, 2020-2021 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік төлқұжатын алды. Бұл ең алдымен энергия объектілері мен желілердің белгіленген жүктемелерді толық қуатында атқаруға техникалық жағынан әзір екендігін білдіреді.

Серіктестік басшысы Досымхан Аралбаевтың айтуына қарағанда, жаман тұмау өршіп тұрған кезеңде індет салдары тыңғылықты жұмыс істеуге біршама қолбайлау болған. Әйтсе де, ұжым жұмыс қарқынын төмендеткен жоқ. Соның арқасында 274 миллион теңгеден астам қаржы игеріліп, 29 күштік трансформатор және 372 трансформаторлық қосалқы станция, 2328 шақырым электр желілері жөнделіп, 10 481 изолятор ауыстырылды. Әр жыл сайын компанияның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде электр желілерін салу және жаңғырту жөніндегі маңызды іс-шаралардың тұтас кешені жүзеге асырылады. Үстіміздегі жылы 27 іс-шара жүзеге асырылып отыр.

Тұрмыстық тұтынушыларды және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын қосалқы стансалардағы электр жабдықтарын жаңартуға және жаңғыртуға айрықша назар аударылуда. Сөз арасында электр желілеріндегі айтпай келетін апаттардың басым бөлігі 0,4-10кВ желілерінде орын алатындығын айта кеткен жөн.

Міне, осыған байланысты қолға алынған жұмыстың 80 пайызға жуығы осы бағытта ұйымдастырылуда. Сөзімізді тірілте кету үшін 2019 жылы қала іргесіндегі Краснояр ауылында жоғары технологиялық ЖТҚ-10 кВ жабдығы орнатылғандығын айта кетуге әбден болады. Бұл қосалқы станса Краснояр ауылына қоса Нұрлы көш, Симферополь, Садовое, Еленовка тәрізді елді мекендердің тұтынушыларына қызмет көрсетеді.

Жаңа жосықтағы жабдық көпшілік көңілінен шығуда. Облыс орталығына 25 мегавольтамп трансформаторын орнатып, 110/10 кВ терең енгізу қосалқы стансасында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары уақытылы қолға алынып, нәтижелі аяқталды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында облыс орталығындағы 12 мыңнан астам абонентке сапалы қызмет көрсетілетін болды. Қазір энергетиктер Көкшетау қаласындағы тұрмыстық химия зауыты аумағындағы, Уәлиханов, Мир, Потанин тәрізді бірнеше көшелерде орналасқан қосалқы трансформаторлық стансаларда ауқымды жұмыстарды аяқтап жатыр.

Щучинск қаласында да электр қондырғыларды жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл соңына қарай Зеренді ауданының Алексеевка және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы «Володарская» қосалқы стансаларында кең ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Жыл ішінде Көкшетау қаласы мен аудан орталықтарында жалпы ұзындығы 75 шақырымнан астам әуе және кабель электр беру желілері мұқият жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Бұл арада екпін түсіріп айта кететін жай, ұзақ жылдардан бері қызмет етіп тұрған алюминий сымы қазір заманғы заманауи оқшауланған сыммен ауыстырылды. Сондай-ақ, ескі, көнерген ағаш тіректерді біртіндеп жаңа темір-бетон тіректермен алмастыру да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Қосымша табыс есебінен 2019 жылы материалдық-техникалық база айта қаларлықтай жақсартылды. Зақымдалған кабель желілерін табу аппаратурасы, трансформатор майын тазалау бойынша циолитті қондырғы, кабель желілері үшін ұра қаза алатын қондырғылар, жаңа техникалар сатылып алынды.

Шалғайдағы ауылдық округтерді электр қуатымен жабдықтау мәселесіне айрықша назар аударылуда. Бұл орайдағы негізгі мақсат энергия шығынын азайту болып табылады. Анығырақ айтсақ, 110 кВ-ға арналған қосалқы станция ұстау экономикалық жағынан тиімсіз екен. Осыған байланысты үстіміздегі жылы ұжым мамандары Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы жоғарыда аталған типтегі стансаны оңтайландыру жұмысын сәтті аяқтап шықты. 2019 жылы осы тектес іс-шаралар бірнеше бағытта жүргізілді. Биыл көктемде Рузаев электр желілерінің энергетиктері Куйбышев-Рузаев бағытындағы 110 кВ әуе желісінің электр тізбегіне жаңғырту жасады. Өйткені, желінің күрделі учаскелерінде сымдардың мұздануы салдарынан апат жиі орын алатын. Үлкен жүктеме түсіп тұрғандықтан қыс ішінде электр қуатынан ажыратулар көбейіп кетті.

Уақытылы жүргізілген жаңғыртудың әсерінен енді мұндай келеңсіздікке орын берілмейді. Ертеректе Красноармейск-Большой Изюм желісінде тосын оқиғалар жиі орын алатын. Әсіресе, ерте көктемде Шағалалы өзенінде сең жүрген кезде желіні су басып қалып, қаншама тіректер қирайтұғын. Осындай оралымсыздықтар орын алмас үшін желіні қайта жаңғырту туралы шешім қабылданғаны оң болатын түрі бар.

Жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларының қабілеттілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ, 2021-2022 жылдардың күзгі және қысқы маусымына дайындық мақсатында «Көкшетау Энерго» серіктестігінің бөлімшелері кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 35 кВ және одан жоғары кернеулі 62 подстанцияға техникалық қызмет көрсетті.

Бұл орайдағы, электр желілерінің ұзындығы 3,3 мың шақырымды құрайды. Оның 29 мың шақырымы кабельдік желі. Сондай-ақ, 700 данаға тең. Трансформаторлы подстанциялар 10/0,4 кВ. Бұл дегеніңіз өткен жылғы жоспармен салыстырғанда 52,8 пайызға тең. Міне, осындай жұмыстармен бірге электр желісі бойындағы 20 гектарға дейінгі алқап тазартылды. Статистикалық мәліметке қарасаңыз, 10/0,4 кВ қуатты электр желілерінің бойындағы апатты жағдайлардың көпшілігі дәл осындай желілердің бойында орын алатыны белгілі болып отыр. Үстіміздегі жылы 50 шақырымдық электр желілері бекемделген желімен жаңғыртылды. Жаңғырту негізінен тұрғын үйдің кіре берісіне дейін тартылған кабельдерге қатысты болды. Мұндай жұмыс Көкшетау қаласы мен екі облыстың бірқатар аудандарында қолға алынды. Энергетиктер ескірген темір-бетонды бағаналарды алмастыру жұмысын әлі де жүргізуде. Соңғы үш жыл ішінде 7 мыңға жуық осындай темір-бетонды реформалар жаңасымен алмастырылды.

Жаңғырту жұмыстары трасформаторлық подстанцияларға қатысты. Мәселен, Көкшетау қаласындағы екі КТП алмастырылды. Оның қызмет аясына №21 мектептің маңайында орналасқан 400-ден астам абонент кіреді. Дәл осындай жұмыстар Щучинск, Тайынша қалалары мен Краснояр, Саумалкөл селоларында және Бестөбе поселкесінде жүргізілді. Ағымдағы жылы осындай 9 трансформатор подстанциясы орнатылды.

Осындай жұмыстармен бірге компанияның ең негізгі энерго нысандары 2021 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламалар шеңберінде қамтылуда. 110/35/10 кВ «Тихоокеанская» подстанциясы «Көкшетау Энерго» серіктестігімен, «Солтүстік Қазақстан электр желілері компаниясы» акционерлік қоғамының 110 кВ желісімен жалғасады. Бұл жаңғырту аясында бұрынғы майлы ажыратқыштарды жаңа заманғы ваккумдық ажыратқыштармен алмастырылды. Осындай іс-қимылдың нәтижесінде жаңғырту шаралары жаңа қалыпқа енгізілді. Тайынша және Ақжар аудандарының электр желілерінде де жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта қажетті құрылғылар алынып, дайындық-монтаж ісі қолға алынды. Бұл қайта құру майлы ажыратқыштарды заманауи вакуум ажыратқыштарға ауыстыруды, «РЗА Системз» микропроцессорлық блоктарға ауыстыра отырып, қорғаныстарды жаңғыртуды және тағы басқа жұмыстарды қамтиды, жүргізілген іс-шаралардың қорытындылары бойынша бұл қосалқы станция тораптық болады және кернеу номиналы 35/10 кВ қалған қосалқы станциялар үшін қолдау болады. Осындай мақсатты жүргізілген іс-шаралардың арқасында компания өз тұтынушыларын сапалы және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Байқал БАЙӘДІЛОВ,
журналист.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар