Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар санитарлық талаптарды сақтай бермейді - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар санитарлық талаптарды сақтай бермейді

Зеренді ауданында эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақталса да, індет жұқтырушылардың қатары тақа толастамай отыр. Оған себеп тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауы, – деді аудан әкімінің орынбасары Райхан Ғабдуллина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл кемшіліктердің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы жарлықтарын орындау және қадағалау мақсатында Ақмола облыстық бақылау жүргізу топтарының мүшелері санитарлық талаптарды бұзғандарға ескерту жасауда. Бүгінде 4 бақылау тобымен атқарылған тексеру жұмыстарының нәтижесінде 2376 нысан тексеріске алынып, соның 16-сында санитарлық талаптардың ережелері бұзылғаны анықталған. Санитарлық талаптарды сақтамаған барлық нысан иелеріне құны
4 миллион теңгеге жуық 20 айыппұл салыныпты.

–Бүгінде Зеренді ауданында 30 мыңнан астам тұрғын мекен етеді. Биыл олардың 2187-сіне коронавирус індеті жұққан. Науқастардың 2 мыңға жуығы ересек адамдар болса, қалғаны 14 жасқа дейінгі балалар. Ал, осы індеттен 15 адам айықпастан көз жұмды, – деді брифингте сөз алған аудан әкімінің орынбасары.

Жыл басынан бері жүргізілген рейдтердің нәтижесінде көпшілік іс-шараларда, тамақтану орындарында және үй-жайларында адам санының көп болуына байланысты 8 дерек тіркеліпті. Қызыл статусы бар нысандар бойынша 24 хаттама толтырылып, 1 миллионнан астам айыппұл салынған.

Ауданда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация науқаны белсенді жүргізілуде. Зеренді ауданында екпе салуға арналған 9 кабинет ашылған. Биылдың өзінде осы кабинеттерде 10 мыңнан астам адам вакцина салдырған. Ал, Pfizer екпесі 61 оқушыға, 1 жүкті әйелге және 10 бала емізетін анаға салынды. Соңғы ай ішінде 67 адам ревакцинадан өткен.

–Жедел медициналық көмек көрсету станциясына биыл құны 30 миллион теңге болатын 4 көлік берілді. 30 миллион теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмектер сатып алынды. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында бюджет қаражатынан 42 миллион теңге бөлініп, ол бүгінде толық игерілді. Пандемия басталғалы демеушілердің көмегімен 22 миллион теңгеге медициналық техника мен құралдар алынды, – дей келе, Райхан Ғабдуллина медициналық мекемелер кислород баллондарымен, жеке қорғаныс құралдарымен, бактерицидтік шамдармен, жасанды желдеткіштермен қамтамасыз етілгенін айтты.

Екпе салуға тұрғындарды ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 2 ұтыс ойы-ны өткізілген. Басты сыйлыққа тұрмыстық техникалар қойылыпты.

Айгүл Бекетқызы,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар